Павлодарда қорғаныс нұсқамасын бұзған ер адам қамауға алынды
Жалпы 30 құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында 10-23 ақпан аралығында департамент «есептегі элемент» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Әкімшілік қадағалауда тұрған бес адам, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған екі адам және ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
–Мысалы, қалада тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде үйде мас күйінде болған павлодарлық сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамағаны үшін ер адамға қатысты іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілген әкімшілік материал толтырылды, – делінген департаментте.
Сондай-ақ жұмыс барысында қызметкерлер қорғаныс нұсқамасын бұзушыны анықталған. Ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды және сот шешімі бойынша ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, ЖПШ аясында тұрғылықты жері бойынша тексерулермен полицияда профилактикалық есепте тұрған 1354 адам бар, оның ішінде әкімшілік қадағалауда тұрған 61 адам, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 213 адам және ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын 318 адам қамтылды.