Павлодарда полицейлер бөбекжай бақшадағы балаларды ұрып-соғу фактісін тергейді
Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желідегі @ vseobovsem_pvl парақшасында облыс орталығындағы №16 бөбекжай бақшаның тәрбиешілері балаларға қатыгездікпен қарап жатқаны туралы ақпарат жарияланды.
– 10 маусымда 1 жастан 2 жасқа дейін баратын балалар тобының ата-аналары балабақшаның меңгерушісіне бейнежазбаларды қарау үшін жүгінген болатын. Олар 3-4 маусым күндерінің жазбаларын үрейленіп, жылап көрді. Тәрбиеші балалардың басынан қолмен, ал кейде табамен ұрып жатқаны көрінді,– деп жазылған хабарламада.
Хабарлама авторының сөзінше, кейіннен балабақша әкімшілігі ғимаратта жарық сөнді деп ата-аналарға бейнежазбаларды қарауға рұқсат бермеді.
Қалалық білім беру бөлімі бұл жағдайды зерттейтін болады.
– Балабақша басшылығы аталмыш факті бойынша бізге хабар берген жоқ. Сол жердегі бейнекамералар зерделенеді. Барлық мүдделі тұлғалармен әңгімелер жүргізіледі. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі,– деді басшысы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин. – Бүгінгі таңда тәрбиеші жұмыстан толық мән жайларды анықтауға дейін шеттетілді.
Облыстық полиция департаментімен педагогтың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.