Павлодарда полицияның дрондары кезекшілік етеді

Павлодарда полицияның дрондары кезекшілік етеді
Фото pixabay.com\ Pexels

Ұшқышсыз ұшу аппараттары бұзушылықтарды тіркейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстағы зияткерлік жүйелердің көмегімен қоғамдық орындарда және жолдарда қауіпсіздік күшейтілуде.

Өңірде азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологиялар енгізілуде. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде облыс жолдарында және Павлодар қаласының көшелерінде бейнетіркеу және зияткерлік мониторинг жүйелері белсенді қолданылады. Олар нақты уақыт режимінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, абаттандыруды, вандализмді, ұсақ бұзақылықты тіркеуге, сондай-ақ, полицейлерге жедел жұмыста көмектесуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінде жедел басқарудың шағын орталықтары жұмыс істейді, бұл – қылмысқа қарсы күрестің құқықтық тәртібін қамтамасыз етудегі маңызды қадам ғана емес, қауіпсіз қоғам құруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған полиция қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

–  Барлығы 1232 бейнекамера орнатылды, полицияның әр бөлімінде 72 қоғамдық бақылау камерасы және бес аппараттық - бағдарламалық кешен камерасы бар, бұзушылықтарды тіркейтін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған, – деді департаментте.

Бұл кешендер бір мезгілде республикалық тізілімдер базасына қосылған. ЖБО операторлары анықталған құқық бұзушылықтарды полицияның кешенді күштерінің нарядтарына: патрульдік нарядтарға және учаскелік полиция инспекторларына береді. Азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу процестерін автоматтандыру үшін «Қазақтелеком» АҚ арқылы 102 цифрлық желісі қосылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы камералардың көмегімен 8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 90 қылмыс ашылды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.