Павлодарда прокурорлар күдікті зат туралы хабарлаған балаларға алғыс айтты

Павлодарда прокурорлар күдікті зат туралы хабарлаған балаларға алғыс айтты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл – жүйелі түрде жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы прокуратурасының қызметкерлері қалалық әріптестерімен бірге №18 мектептің 4 «Г» сынып оқушылары Данил Сиренко мен Владислав Лобковқа алғыс білдірді.

– Мектеп оқушылары өздері тауып алған күдікті зат туралы ақпаратты жедел хабарлау арқылы қырағылық пен азаматтық жауапкершік танытты. Олардың әрекетінің арқасында орын алуы ықтимал келеңсіз жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды, – дейді қадағалау органында.

Олардың пікірінше, мектеп оқушыларының 2024 жылдың қараша айында ұйымдастырылған «Ерке Ертістің жағасында нашақорлыққа жол жоқ!» нашақорлыққа қарсы форумға қатысуы оң әсер еткен.

Прокуратура мектеп оқушылары мен мұғалімдерге қауіпсіздік мәселелеріне және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіреді.