Павлодарда республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойыны өтті

Іс-шара еліміздің әртүрлі аймақтарынан 11 команданы біріктірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдерін іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Павлодар облысында «Antiparacraft-2025» Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының финалы өтті.
Екі күн ішінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін көрсете отырып, зияткерлік және шығармашылық кезеңдерден өтті.
Соңғы тапсырмаларға визит карточкаларының тұсаукесері, «Брейн-ринг» зияткерлік ойынына қатысу және «Менің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарым» капитандар байқауы кірді.
Жобаның мақсаты-берік азаматтық ұстанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды дамыту. Квест қорытындысы бойынша бірінші орын және «Antiparacraft-2025» кубогын Қарағанды облысының «NoRust» командасы жеңіп алды. Екінші орын Атырау облысының «Ар мен Заң» командасы иеленсе, үшінші орынды Павлодар облысының «LexAnticor» командасы алды.
Квест-ойынға белсенді қатысқаны үшін қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.
«Ең үздік визит карточкасы» номинациясын Абай облысының «Алаш Орда» командасы жеңіп алды
Брейн-ринг интеллектуалдық сайысында ұшқыр ой мен озық ұстаным» номинациясында Ұлытау облысының «Жемқорлықсыз Жастар» командасы үздік атанды. «Ерекше қасиеттері мен командаға көрсеткен қолдауы үшін» номинациясы бойынша Атырау облысының «Ар мен Заң» командасы марапатталды.
Осындай ауқымды іс-шараларды өткізу жастардың қоғамдағы заңдылықпен тәртіптің маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді, оларды осы бағыттағы белсенді әрекеттерге шабыттандырады және өз елінің дамуымен өркендеуіне негіз жасайды.