Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жиналыстар өтеді

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жиналыстар өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл кездесулерде көктемгі дала жұмыстары, субсидиялар, жанар-жағармай мәселелері көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13-28 ақпан аралығында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен қаржылық институттары аудандарда ауыл шаруашылығы жиналыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

– Бұл кездесулерде көктемгі дала жұмыстары бойынша ұсыныстар, субсидиялар мен кредиттер беру, жанар-жағармай материалдарын бөлу және басқа да өзекті мәселелер талқыланатын болады, – деді басқарманың баспасөз қызметі.

13 ақпанда мұндай жиналыстар Шарбақты және Успен аудандарында, 14 ақпанда – Тереңкөл және Железин аудандарында, 20 ақпанда – Ақтоғай және Ертіс аудандарында, 21 ақпанда – Аққулы және Павлодар аудандарында, 27 ақпанда – Ақсу және Май аудандарында, 28 ақпанда Екібастұз қаласы және Баянауыл ауданында өтеді.