Павлодарда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам жазаланды

Павлодарда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желіде тұрғын әйелге қарумен шабуылдағаны туралы ақпарат таралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Оқиға 19 қаңтарда «Алатау» сауда үйінде болған. Әлеужелідегі парақшалардың бірінде жарияланған хабарламада таңғы сағат 9:45-10:00 шамасында ер адам әйелге қарумен шабуылдағаны жазылған. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік берді. 

– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан әрі шешім қабылдау материал үшін сотқа жіберілді.

Бұдан бөлек департаментте бейнебақылау камераларды қарап шыққан кезде ер адамда тыйым салынған заттар табылмағанын мәлім етті.