Павлодарда сенбілік жәрмеңкеде арзан бағамен өнімдер сатылады

Жәрмеңкеге төрт ауданның тауар өндірушілері келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 15 ақпанда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңкеге Павлодар қаласының және Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сиыр етінің бір келісі – 1700-2300 теңге, жылқы еті – 2300-2500 теңге, қой еті – 1900-2100 теңге, шошқа еті – 1800-2000 теңге, бал – 2000-2500 теңге, картоп – 110 теңге, сәбіз – 80 теңге, бірінші категориялы жұмыртқа – 490 теңге, бір литр шикі сүт 200 теңгеден тиімді бағамен тауар сатып алуға болады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ, облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.