Павлодарда «ГАЗель» жалынға оранды

Павлодарда «ГАЗель» жалынға оранды
Фото: облыстық ТЖД

Өрт сегіз минутта сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде сағат 13:22-де Катаев көшесінде орналасқан автокөліктің жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті.  

– Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері және бір техника жолға шықты. Өрт орнына келген соң «ГАЗель»  көлігі толығымен жалынға оранып, жанып жатқандығы анықталды.

Өрт 13:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.