Павлодарлық профессорлар Аймауытовтың шығармашылығы жайында ой тарқатады

Павлодарлық профессорлар Аймауытовтың шығармашылығы жайында ой тарқатады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүсіпбек Аймауытов – қазақ әдебиетіндегі роман мен драма жанрының негізін қалаушы болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 наурызда 11:00-де «Ertis» музейінде қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Олардың есімдерімен көшелер  аталады» жобасы аясында «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» диалог алаңы өтеді. Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқушылары, тарихшылар, әдебиеттанушылар, кітапхана өкілдері Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ мәдени-ағартушылық және қоғамдық ойының дамуына қандай б үлес қосқаны жайлы сөз қозғайды.

Филология ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің  профессоры Айман Зейнулина,  жазушы, әдебиеттанушы, Торайғыров университетінің қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры Серік Елікбаев, Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Динара Сапарғалиева, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының көркемдік жетекшісі Әділет Ақанов, Павлодар облыстық филиалының ЖСДП партиясы жастар қанатының басшысы Ділназ Қасымова іс-шараның спикерлері болады.