Павлодарда сотталғандар пластик қалдықтарын қайта өңдеу жолын тапты
Жоба экологиялық жағдайды жақсартуға және сотталғандарға пайдалы дағдыларды игеруге бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, инновациялық экологиялық жоба №46 мекемесінде қолға алынды.
– Сотталғандар арнайы үлкен контейнер-корзиналарды жасап, оларды әр топқа орнатуды жоспарлап отыр. Бұл контейнерлер пайдаланылған пластик бөтелкелерін жинау үшін қолданылады. Пластик қалдықтарын жинап болған соң, олар брусчатка жасау үшін қайта өңделмек. Мұндай тәсіл экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сотталғандарға пайдалы дағдыларды игеруге және тұрақты дамуға үлес қосуға көмектеседі, – дейді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Нұрлан Баякенов.
Әділет майоры жоба қолдау тауып, мекемедегі пластик қалдықтарын азайтуға және мекеме тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған ұзақ мерзімді шешім болатынына үміт артады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram