Павлодарда жарық болмайды

Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:
- Едіге би көшесі, 61/2;
- Генерал Смағұлов көшесі, 72, 76;
- Запорожская – Яков Геринг – Целинный – Салтыков-Щедрин көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Абай – Павел Васильев – Мәшһүр Жүсіп – Ломов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Радиозавод шағын ауданы.