Павлодарда стоматологиялық клиникадан түтін шықты

Павлодарда стоматологиялық клиникадан түтін шықты
Фото: Константин Шелков

Өрт шыққан жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:01-де Естай көшесінде орналасқан стоматологиялық клиникада 1-қабатта түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері дереу мекенжайға жіберілді.

– Пластикалық терезелерді орнату кезінде 0,3 шаршы метр алаңда жылыту материалының балқып кеткені анықталды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жану жойылды. Бөлмелерде шамалы түтін шықты, – деді департаментте.

Павлодар облысының ТЖД жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.