Павлодарда стритлифтингтен ашық қалалық турнир өтеді

Павлодарда стритлифтингтен ашық қалалық турнир өтеді
Фото: Константин Шелков

Спорттық іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 30 тамызда сағат 10:00 стритлифтинг бойынша жарыс өтеді.

– Ереже бойынша қатысушылардың жасы 13 жоғары болу керек. Жарыс кезінде спортшылар арнайы спорт формасын киіп келу тиіс, – делінген хабарламада.

Спорттық шара қоссайыс негізінде өтеді. Олар турникте тартылып, жүкпен штангада көтерілетін болады. Категориялар 8-16 келі салмақ дәрежесінде – 13-17 жастағы, 16-24 келі салмақ дәрежесінде – 18-22 жастағы, 24-32 келі салмақ дәрежесінде – әуесқойлар арасында, 32-48 келі салмақ дәрежесінде кәсібилер арасында болып төртке бөлінеді. 

– Бүгінде  онлайн 10 қатысушы тіркелді, алайда негізгі тіркелу шара өтетін жерде бір сағат бұрын болады. Қатысушылардың ішінен төртеуі Щучинск қаласынан келеді, – деп айтты жарыстың бас төрешісі Руслан Шулен.

Стритлифтингтен ашық қалалық турнир Қамзин көшесі, 62/1 мекенжайындағы орналасқан №19 ЖОБ мектебінің воркаут-алаңында өтеді.