Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Ақтөбеден жүлдемен оралды

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Ақтөбеден жүлдемен оралды
Фото: Жамиля Баилдяшева

Олар ойынның екі түрі бойынша да олжалы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақтөбе қаласында әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Аталмыш жарыста біздің де спортшылар өнер көрсетті.
Жарысқа еліміздің тоғыз облысынан және Алматы қаласынан 60 спортшы қатысты.

Құрамында Аружан Жанаева, Жәмиля Баилдяшева, Аяжан Егінбай, Аружан Абдіханова, Диана Абай, Аяна Темірболатова, Аяулым Серікова бар командамыз тоғызқұмалақтың блиц түрінен күміс алса, классика бөлімінде үздік үштікке енді.

Айта кету керек, жарыста спортшыларға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арыстан Қапаев жетекшілік етті.

Еске сала кетейік, бүған дейін Петропавлда өткен жасөспірімдер мен жастар арасында өткен командалық жарыста павлодарлық спортшылар алтын алған болатын.