Павлодарлықтарды онкодиспансерде алдын ала жазылусыз скрининг өтуге шақырады
Ол үшін жеке куәлікті көрсету қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
14 қыркүйекте сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде гинекологиялық қатерлі ісікті алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді.
– Сіздерді денсаулыққа уақыт бөлуге және алдын ала жазылусыз онкологиялық диспансер мамандарының кеңесін тегін алуға шақырамыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, – делінген хабарламада.
Ашық есік күніне Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы мекенжайы бойынша келуге болады. Байланыс телефондары: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.