Павлодарда су тасқынына қарсы жоспар пысықталды

Павлодарда  су тасқынына қарсы жоспар пысықталды
Фото: ТЖД

Қауіпті учаскелер ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды. Облыстық төтенше жағдай департаменті жұмыс кеңесін өткізіп, оған қала және аудан әкімдері орынбасарлары мен мемлекеттік  органдар өкілдері қатысты.

Кеңесте 2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық барысы қаралды. Ерекше назар 2026 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспарын қалыптастыру және өзектендіруге аударылды.

Мамандар су тасқынының алдын алу үшін инженерлік іс-шараларды уақытылы жоспарға енгізу қажет екенін атап өтті. Әсіресе биыл автомобиль жолдарын су басқан және еріген су жиналған учаскелер назарға алынған.

- Су тасқыны қаупін азайту үшін қорғаныш үйінділерін нығайту, су өткізу құрылыстарының тиімділігін арттыру және барлық қажетті инженерлік жұмыстарды алдын ала жүргізу маңызды, - деді Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге жұмысты жандандыру және жоспарға қажетті шараларды дер кезінде енгізу тапсырылады.

Қазіргі уақытта өңірде су басу қаупін төмендету және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар үйлестіріп жатыр.