Павлодарда Судьялар одағының 30 жылдығы аталып өтті
Мерекелік іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, судьялар және сот қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына және «24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Облыстық сот төрағасы Серік Төлегенов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіби мереке мен Судьялар одағының мерейтойының сот қауымдастығы үшін маңызын атап өтті.
Салтанатты шара барысында сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Амангелді Күзеков, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асқар Жақыпбеков және Сот әкімшілігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Темірова әріптестерін құттықтады.
Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Мақсат Әбілдин мен облыстық мәслихат хатшысы Илья Теренченко құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында судьялар мен сот қызметкерлеріне ведомстволық және ведомствоаралық марапаттар табысталды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.