Павлодарда сусындар өндірісі төмендеді
2024 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша сусындар өндіру мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, оған Павлодар қаласы әкімдігі, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Павлодар облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сусындар өндірісінің өсу динамикасы туралы мәселелер талқыланды.
– Биыл қаңтар-маусым айлары аралығында оң динамика байқалды, алайда ағымдағы жылдың шілде айында өндіріс көлемі төмендеді. Шілде айында сатылымның төмендеуіне және ашытылған сусындар, соның ішінде қант қосылған минералды және газдалған сусындардың сұранысының азайғанына байланысты сусындар өндірісі де төмендеді, – деп атап өтті облыстағы негізгі сусындар өндіруші – «Rosa Trade Company» кәсіпорнының басшысы Азат Қайырқан.
«Rosa Trade Company» кәсіпорнының арпа өңдейтін зауытын салуға үлкен жоспарлары бар. Алайда, кәсіпорын іргелес жер учаскесін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады. Ол Павлодар қаласы әкімдігінен өндірілген өнімді, оның ішінде көше павильондарында – жағалау бойында, Гагарин саябағында өткізу үшін сауда нүктелерін ұлғайту бойынша жәрдем көрсетуді сұрады.
Кеңес қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасына «Rosa Trade Company» кәсіпорнына одан әрі көмек көрсету үшін инвестициялық жоба ұсыну туралы шешім қабылданды. Павлодар қаласының әкімдігі, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы келесі аптада төрт павильонда және жағалаудың жеке алаңында орын беру, Лермонтов көшесі бойынша және келешекте Усолка ауданында орын беру жөнінде мәселесін қарастыру жөніндегі маркетингтік міндеттерді өзіне алады.