Павлодарда тісін жұлдырған әйел адамға ота жасауға тура келді

Павлодарда тісін жұлдырған әйел адамға ота жасауға тура келді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұтынушының қызыл иегі іріңнен тазартылған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Тұтынушы ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ол қатты тіс ауруына шағымданып, стоматологиялық клиникаға барған. Әйел адамды тексергеннен кейін оған тіс рентгенінен өту ұсынылған, содан кейін тіс дәрігері ауру тісті алып тастау туралы шешім қабылдаған. Процедураның күрделі екендігі түсіндірілген, өйткені қызыл иегі қабынған, ірің мен киста болған соң қызыл иек іріңнен тазартылған. Тісті жұлу тұтынушыға 15 мың теңгеге шыққан. 

Үйге келгеннен кейін тұтынушының температурасы 38,5-ке дейін күрт көтеріліп, жұлынған тістің орнында тұрақты өткір ауырсыну басталған.

  Келесі күні ол тіс дәрігеріне температурасы түспей тұрғаны туралы шағыммен қайта барған, тіс дәрігері тексергеннен кейін бұл тіс жұлғаннан кейінгі қалыпты жағдай деп сендірген. Алайда, тісті жұлғаннан кейінгі үшінші күні де әйел адамның қызуы көтерілген. Бұл жолы ол ватсапқа жағдайы нашарлағанын жазған, дәрігер «Ингаверин» вирусқа қарсы препаратын тағайындайды. Тұтынушы оған антибиотиктерді тағайындауды сұрап жазады, бірақ дәрігер бас тартады, – дейді департаментте. 

Тұтынушы ауырсыну мен температураға төтеп бере алмаған басқа стоматологиялық клиникаларға көмек сұрап жүгінген, бірақ олар тексеруден бас тартады, өйткені олар басқа біреудің «жұмысына» жауап бере алмайтынын айтады. Түнде амалсыздан жедел жәрдем шақырғанда оған жақ-бет хирургиясына баруға кеңес берген. Хирург-дәрігерлердің қарауында оған «Ауыз аймағында флегмона және абцесс» диагнозы қойылған.

Тұтынушының қызыл иегі қайтадан тазартылған, өйткені қайтадан ірің пайда болған соң антибиотиктер тағайындалған.

Стоматологиялық қызметті сапасыз жүргізу нәтижесінде тұтынушыға төменгі жақтың жұмсақ тіндерінде жиналған іріңді тазарту бойынша  операция жасалған. 

Тұтынушы өз өтінішінде 500 мың теңге көлемінде материалдық және моральдік залалды өтеуді сұраған. Осыған байланысты департамент материалдық, моральдік зиянды өтеу үшін сотқа жүгіне алатынын, департамент сотқа үшінші тұлға ретінде қатыса алатыны жайлы құқығын түсіндірген. 

Қазіргі уақытта тұтынушының ақпараты бойынша сотқа талап-арыз дайындалуда.

Егер тұтынушы осындай жағдайға тап болса, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайы бойынша немесе E-otinish.gov.kz өтініштерді қабылдаудың бірыңғай платформасы,  E-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе 8(7182)551070 сенім телефоны арқылы жүгіне алады.