Павлодарда түнгі рейд: балалар балмұздақ іздеп, тәртіп бұзды

Павлодарда түнгі рейд: балалар балмұздақ іздеп, тәртіп бұзды
Фото: Константин Шелков

Өңірде бір күнде 59 құқықбұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында тәуліктің кешкі және түнгі уақытында өңірде республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олардың 48-і – жасөспірімдердің кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жүруі. Бес бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Сонымен қатар, 16 ата-ана – балаларына тиісті тәрбиені бермегені үшін, жетеуі ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда жүрген кәмелетке толмаған балалары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Мысалы, Ақсу қаласындағы төрт кәмелетке толмаған қыз ересек адамның бақылауынсыз қалып, ішімдік ішкен. Осыдан кейін олар петардаларды жағып, оларды балконға лақтырды. Барлық заңды өкілдер балаларының әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың айтуынша, осылайша олар көңіл көтерген, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.

Бұдан бөлек, Май ауданында түнгі сағат 23:00-ден кейін жалғыз жүрген бес жасөспірім ұсталды. Олардың бірі полицейлерге балмұздақ пен тәтті іздеп шыққанын айтқан. Барлық жасөспірімдер ата-аналарына тапсырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Әр баланың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Құқық бұзушылықтың алдын алу – тек полиция емес, бүкіл қоғамның бірлескен ісі, – деді департаментте.

Полицейлер ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік жүктелетінін ескертеді. Құқық қорғау органдары балаларының жүріс-тұрысына, араласатын ортасына назар аударуға шақырады.