Павлодар облысында мыңға жуық бас мал ұрланған

Павлодар облысында мыңға жуық бас мал ұрланған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мал ұрлығы бойынша жедел іздестіру және профилактикалық шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов 2025 жылы өңірде жалпы 842 бас мал ұрланғанын және олардың бір бөлігі иелеріне қайтарылғанын мәлім етті.

– Мал ұрлығы фактілерін анықтау мақсатында жедел топтар құрдық, олар Май, Аққулы аудандарымен Ақсу қаласында күдіктілерді ұстады. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауда, тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Болат Нұрсейітов.

Сонымен қатар, облыс аумағында 12 блокпост орнатылып, малды бақылау мен тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ветеринарлық қызметпен бірлескен тексерістер де жүргізілуде.

Айта кетерлігі, 2025 жылы мал ұрлығы бойынша 62 факт, 2024 жылы 52 факт тіркелген.

Полиция өкілдері мал ұрлығының алдын алу бойынша күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қоғамға қауіпсіздік шараларын күшейтуді жалғастыруда.