Павлодарлық резервистер кадр тапшылығы мәселесін қарастырды
Облыстық мәслихаттың төрағасы республикалық жобаның артықшылықтарына тоқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2019 жылғы Президенттік кадрлық резервтің мүшесі Илья Теренченко жоғары мемлекеттік органдардағы кадрлық ротациялар мәселесіне тоқталды.
– Көпшілікке биліктің жоғары эшелонында кадр тапшылығы бар сияқты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына соңғы Жолдауында елде топ-менеджерлердің тапшылығын қуаттап, саяси қызметкерлердің резервін құру қажеттігін айтты. Еліміздің кадрлық әлеуетін дайындау және дамыту үшін 1 қыркүйекте Президенттік жастар кадрлық резервіне үшінші іріктеу басталды, - дейді Илья Теренченко.
Алғашқы екі іріктеу бұл жобаның өзектілігі мен тиімділігін растады. Іріктеуге қатысушылар мемлекеттер өмірінің барлық салаларында – агроөнеркәсіптік кешеннен цифрландыру саласына дейін өздерінің кәсіби әлеуеті мен тәжірибесін жүзеге асыра алғандар.
– Биылғы жобада ұсынылған бағыттардың барлығы республикамыздың дамуы үшін өте маңызды. Барлық жерде жауапкершілікті өз мойнына алуға және күрделі өзекті мәселелерді шешуге дайын жаңа менеджерлерінің тың, заманауи көзқарасы қажет, – дейді Илья Теренченко.
Оның ойынша, мемлекетіміздің жаңа жас көшбасшыларын анықтаудың, оларды дамыту мен жетілдірудің тиімділігі Президенттік кадрлық резерв болып табылады. Резервтер шығармашыл, жаңашыл, тиімді және нәтижелі шешімдер мен әрекеттер үшін левердж алады.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы барлық жас мамандарды осы жобада бақтарын сынауға шақырды. Сондай-ақ оларда сол мәселелерді шешуге және Қазақстанды дамудың жоғары деңгейіне жеткізетін салаларда жұмыс істеуге мүмкіндіктері табылатынын атап өтті.