Павлодарда тұрғын үйлердің бір бөлігі жарықсыз қалды
Ажырату жоғары вольтты кабель желісінің зақымдалуына байланысты болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 қызметінің мәлімдеуінше, №608 және 612 трансформаторлық қосалқы станциялар зақымданған.
- Электрсіз алюминий жұмысшылар ауылы, сондай-ақ Ворушина көшесіндегі 6/1, 8/1, 10, 12, 12/1, 14 тұрғын үйле жарықсыз отыр, - делінген ресми хабарламада.
Зақымды жоюмен «ПРЭК» АҚ бригадасы айналысуда.
Олар тұтынушылардың жақын арада электр қуатына қосылатынына уәде береді.