Павлодарда белгісіз жағдайларда әйел адам жоғалып кетті

Павлодарда белгісіз жағдайларда әйел адам жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іздеу жұмыстарына еріктілер қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «VITA» еріктілер жасағының мәліметінше, 18 мамыр күні кешкі сағат бестер шамасында 45 жастағы Нина Медведева Ак.Шөкин көшесіндегі 24-үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оның қайда екені күні бүгінге дейін белгісіз. 

Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, орта денелі, көк көзді, аққұба, шашы қысқа. Ерні мен сол жақ қасында тыртық бар.

Әйел қоңыр-сарғыш күрте, қара футболка мен джинс шалбар, ақ кроссовка және ақ «М» әрпі бар қара қалпақ киген. Оның қолында қоңыр түсті сөмке болды. 

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамды +7(747)615-55-63, +7(777)334-82-01 телефон нөмірі бойынша немесе полицияға хабарлауын сұрайды.