Павлодарда төрт жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті
Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамырда сағат 14:10-да 2020 жылы туған қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
- Қыз бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды. Құлау салдарынан мидың шайқалуы мен мидың жабық жарақатын алған, – деді департаментте.
Дәрігерлердің айтуынша, төрт жасар қыздың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде.