Кенжекөлде инфрақұрылым жақсаруда: жолдар, жарық және балалар алаңдары

Кенжекөлде инфрақұрылым жақсаруда: жолдар, жарық және балалар алаңдары
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар жұмысты оң бағалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында мәлімдеді.

Инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды: 4 шақырым жол асфальтталды, көше жарығына 68 бағана орнатылды, ұзындығы 3,74 шақырым болатын электр желісі тартылды, тартан жабыны бар үш заманауи балалар алаңы салынды, ауыл тұрғындарының жайлы демалысы үшін шағын саябақ пайдалануға берілді, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде. 

Сондай-ақ шаһар басшысы бірқатар нысанды аралап, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен жеке танысты. Тұрғындар жергілікті атқарушы органдардың жұмысына оң бағасын берді. Кездесу барысында сұрақтар мен ескертулер болған жоқ.  

Әкімнің айтуынша, ауылды абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)