Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті
Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 09:51-де трамвай 37 жастағы әйелді сырып өткен. Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды.
Жедел жәрдем бригадасы әйелді қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген.