Павлодарлық трамвайларда қосымша құрылғы орнатылды
Бұл жолаушылар үшін жол ақысын төлеуді жеңілдетеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Smart Avtobys PV» ЖШС мәліметінше, жол ақысын төлеудің ыңғайлылығы үшін трамвай вагонында қосымша арнайы кұрылғы орнатылды.
– Карточканы арнайы құрылғыдан өткізген кейін төлем сәтті болған кезде жасыл индикатор жанады. Егер төлем өтпесе, қызыл индикатор жанады. Төлем мәртебеңіз вагонның ортаңғы бөлігіндегі планшетте көрсетіледі, – деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, көлік картасының құны – 500 теңге. Көлік картасымен бірге жол жүру құны 80 теңгені құрайды. Сондай-ақ стандартты жол жүру ақысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Көлік карталарын Шөкин көшесі, 31 мекенжайынан сатып алуға болады. Қоғамдық жол ақысын қолма қол төлеу құны – 130 теңге.
Посмотреть эту публикацию в Instagram