Павлодарда тілшілер арасында байқау жарияланды

Павлодарда тілшілер арасында байқау жарияланды
Фото:pixabay.com

Материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта болу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Асыл заман» қоғамдық қоры журналистер арасында «Үздік журналистік жұмыстар» облыстық байқауын өткізеді.

– Конкурстың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын жандандыру болып табылады, – делінген хабарламада.

Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі тілшілер қатыса алады. Өтінімдер 1 тамызға дейін қабылданады. 

Сұрақтар бойынша 8 (747) 897-09-12 нөміріне хабарласып,  asyl.zaman@mail.ru электрондық поштасы арқылы жіберуге болады.