Павлодарда әйгілі фотосуретші махаббат тақырыбындағы фотокөрмесін қояды

Павлодарда әйгілі фотосуретші махаббат тақырыбындағы фотокөрмесін қояды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстардың өзгешелігі кадрдың ерекше динамикасында бейнеленеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

24 қаңтарда  «Ертіс»  мультимедиялық мұражайында  Ақсу қаласының әйгілі фотосуретшісі Владимир Панасюктың «Признание в любви» атты фотокөрмесі ашылады.

Владимир Панасюк-жеке және ұжымдық көрмелердің авторы. Оның жұмысы кадрдың ерекше динамикасымен және бір сәтте айтылған оқиғаның эмоционалды толықтығымен ерекшеленеді. Аталған көрмеге Ақсу мен Павлодардағы фото бірлестіктердің мүшелері мен мектеп оқушылары қатысады.