Ақтоғай ауданында элиталық тұқымдар егіледі

Егу жұмыстарына 10 мыңнан астам тұқым дайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Ауданда егістік алқабы 74 027 гектарды құрайды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда төрт мың гектарға көп. Биыл 50 650 гектарда астық дақылдары, оның ішінде оның 41 000 гектарына жуығына бидай егіледі. Сондай-ақ, майлы дақылдар үшін егіс алқабының көлемі 9 127 гектар, ал картоп бойынша 2 720 гектар жерді құрайды.
– Жанар-жағармай материалдары бойынша 16 шаруа қожалығы арзандатылған дизель отынына өтінім берді. Бүгінде 1451 тоннаға өтінім беріліп, 985 тонна төленді. Жалпы, бәрі жоспар бойынша өтуде. Жеткізуші екі оператор бойынша кідірістер жоқ. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жобаларға 3 миллиард 158 миллион теңге бөлінді. Көктемге ақша сұраған барлық шаруалар мерзімінде қаражат алды, – деді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов.
Аудан әкімінің сөзінше, шамамен 10 650 тонна тұқым дайындалды, оның 6000-ға жуығы дәнді дақылдар және 4500-ге жуығы картоп және ішінара шөптерге бөлінеді.
– Биыл бізде «Ақтоғай-агро» және «Жангөбек» компаниялары 375 тоннаға жуық элиталық тұқымды пайдаланады. Ал картоп бойынша 2200 тонна бірінші репродукция, екінші репродукция шамамен 2500 тоннаны, ал 3, 4, 5 репродукция бұл біздің астықтан жалпы көлемі шамамен бір жарым мың тоннаны құрайды, – деп атап өтті Қаршыға Арынов.
2025 жылы Ақтоғай ауданының егістіктеріне пайдаланылатын ғылыми негізделген болжамдар бойынша 6323 тонна минералды тыңайтқыштар енгізу ұсынылды. Бүгінгі таңда 3298,4 тонна немесе 52,2% минералды тыңайтқыштар сатып алынды.
– Жердің құнарлылығы жылдан-жылға төмендеп келеді. Тыңайтқыштарды қолданбайтын шаруашылықтармен жұмыс жүргізу керек. Бірінші кезекте оларға ескерту беріп, ескергеннен кейін тыңайтқыштарды қолданбайтын болса, онда жерлерді алып жаңағы мына жерді жақсы ұстайтын басқа шаруашылықтарға беретін боламыз, – деп ескертті облыс әкімі Асайын Байханов.
Сондай-ақ, 55,5 мың гектар алаңда 100% ылғал жабылды. Егіс алдындағы өңдеу 35,6 мың гектар алаңда немесе 90% жоспарда 39,5 мың гектарда жүргізілді.