Павлодар облысында көлік аударылып, жолаушы көз жұмды

Павлодар облысында көлік аударылып,  жолаушы көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы Ленин - Курчатов автожолының 185 шақырымында орын  алды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуірде сағат 05.20-да 31 жастағы Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жыраға аударылды. 

– Салдарынан 42 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, –  деді департаментте.

Сараптама тағайындалып, автокөлік айып тұрағына қойылды.