Павлодарлық депутат: «Кінәлілерді іздеуге уақыт кетірмей, күшімізді көмекке жұмсайық»
Ол тасқын судан қатты зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партия атынан үндеу салды.
– Көктемгі су тасқыны көптеген елді мекендер үшін нағыз қауіп болды. Бірқатар өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Апаттың салдарын жою үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды,– деді Николай Арсютин.
Оның сөзінше, жаппай су тасқыны ауылдық жерлерде тұратын халық қатты сезінді.
– Қазіргі жағдайда билік пен жұртшылық өкілдері барлық күштерін кінәлі адамдарды іздеуге және кішігірім дауларға уақыт жұмсамай, шығын мен жағдайдың салдарын жоюға бағыттау керек,– деген пікірде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. – Біз, ең алдымен, партиямыздың өңірлік филиалдардағы өкілдерінен азаматтық жауапкершілік көрсетуді және зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созуды сұраймыз.
«Ауыл» партиясы барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды, тұтастай алғанда, елдің барлық азаматтарын сабырлық сақтауға, табиғи апатқа қарсы күш жұмылдыруға шақырады.