Павлодарда Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Павлодарда Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Фото: Константин Шелков

Іс-шараға өңір басшысы, қала тұрғындары, қоғам өкілдері, ардагерлер және жастар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Шаһарда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құрмет көрсету рәсімі өткізілді.

Саяси қуғын‑сүргін құрбандары мемориалына гүл шоқтарын қою арқылы қатысушылар еліміздің тәуелсіздігі жолында күрескен азаматтардың, жазықсыз жапа шеккен жастардың рухына тағзым етті. 

Сонымен қатар, бір минут үнсіздікпен еліміздің еркіндігі үшін өмірлерін қиғандарды еске алу рәсімі өткізілді.

– Дәл бүгін бүкіл Ертіс-Баян өңірінің адамдары тәуелсіздігіміздің қадірін ұлықтап, тарихымыздан тағылым алып, болашағымыз үшін бірлігімізді нығайтуға келіп отыр. Туымыз мәңгі желбіресін, адал еңбек пен ұлттық мақтанышпен өмір сүруіміз үшін барлығымыз күш-жігерімізді жұмсайық, – деді Торайғыров университетінің «Үштұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі, желтоқсан оқиғасының қатысушысы Айман Зейнуллина.

Қазақстанның тәуелсіздігі – халқымыздың бірлігінің, ерлігінің және тарихи арманының жемісі. Тәуелсіздік күні мемлекеттіліктің қастерлі нышаны болып, бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі, сабақ болып қала бермек.