Павлодарда ипподромға дейін автобус тегін жүреді

Павлодарда ипподромға дейін автобус тегін жүреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

20 шілде күні ат спорты түрлері бойынша қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты теміржол вокзалынан «Құлагер» ипподромына автобуспен жүру тегін болады.

Автобустар теміржол вокзалынан келесі кесте бойынша шығады:

- сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін, қозғалыс аралығы – 15 минут,

- сағат 10:00-ден 11:30-ға дейін, қозғалыс аралығы – 30 минут;

- сағат 11:30-дан 13:00-ге дейін, қозғалыс аралығы – 15 минут.

Еске сала кетейік, көрермендер асыл тұқымды жылқылардың керемет жарыстарын тамашалай алады. Аламан бәйге – 24 шақырым, топ бәйге –  14 шақырым, құнан бәйге сегіз шақырым қашықтықта өтеді. Жүлде қоры – жеті миллион теңге.