Павлодарда уланып қалған оқушылар ауруханаға түсті

Павлодарда уланып қалған оқушылар ауруханаға түсті
Фото: Константин Шелков

Мектеп оқушылары ауруханаға жүгінген кезде жағдайлары жеңіл дәрежеде болған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар Павлодар облыстық балалар ауруханасына улану салдарынан жүгінген. 

– 2010  және 2011 жылдары туған екі ұл бала, 2010 жылы туған қыз түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оларды Павлодар қаласының № 18 мектебінің 6-сыныбынан 3 мамыр күні сағат 16.50-де жеткізген, – деді басқармада. 

Кезекші дәрігер тексергеннен кейін «нақтыланбаған газ түтіні буларының  уытты әсері» диагнозы қойылды.

Жүгінген кездегі жағдайлары жеңіл дәрежеде болған.  Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Әрі  қарай бақылау үшін амбулаторияға жіберілді.