Павлодарда университеттің үшінші жатақханасы ашылады

Павлодарда университеттің үшінші жатақханасы ашылады
Фото: Торайғыров университеті

Студенттер алдағы оқу жылынан бастап жаңа жатақханаға кіре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Торайғыров университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айында  Торайғыров университетінің № 3 кампусы ашылады.  Үш жыл ішінде аталған жоғары оқу орны жер учаскесінде үш тарап арасында жасалған консорциалдық келісім бойынша жоба жүзеге асырылды. Жасалған жобаның құны 1,2 миллиард теңгені құрады.

– Университет басшылығы студенттердің жақын арада өз бөлмелеріне кіруіне барлық күш-жігерін жұмсайды, – дейді жоғары оқу орнының баспасөз қызметінде. 

Жатақхана қазіргі заманға сай салынған.  № 3 студенттер үйі 600 орынға есептелген. Кампуста коворкинг алаңдары, ғаламторға қолжетімділік, сабақ залы, психологиялық қолдау кабинеті бар. 

Айта кету керек, жатақханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелер салынған. Сонымен қатар, медициналық пункт бөлмесі бар.