Мектепке алғаш қадам: Павлодарда қабылдау науқаны қашан басталады?
Өтінішті egov.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, биыл өңірде 10 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады.
Павлодар облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі. Өтінішті 31 тамызға дейін egov.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады.
– Білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, сол мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Ал баласын басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы белгіленген тәртіппен тапсырады, - делінген хабарламада.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Биыл жоспар бойынша аймақ мектептеріне 10 мыңнан астам бүлдіршін қабылданып, бірінші сынып оқушысы атанабақ.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у және №052-2/у нысандарындағы медициналық анықтамалар.