Павлодарда «Заң мен тәртіп» идеологиясы бойынша оқыту курсы басталды

Павлодарда «Заң мен тәртіп» идеологиясы бойынша оқыту курсы басталды
Фолто: Ұйымдастырушылардан

Оған полиция және прокуратура ардагерлері қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Курс қатысушылары құқықтық тәрбие саласындағы біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасуда.

Жұмыс Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес жүргізілуде. Негізгі мақсат – білім алушылар арасында буллингтің, зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.

Курстың алғашқы күнінде қатысушылар жасөспірімдердің психологиялық және жас ерекшеліктерін қарастырып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының құрылымын және интерактивті оқыту әдістерін зерделеді. Екінші күні сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен осы бағытты іске асырудың тиімді тетіктері талқыланды.

Курсты ұйымдастырушы – «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институты.

Павлодар облысында 110 білім беру ұйымына 72 тәлімгер бекітілді.

Бұл бастама жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті, жауапкершілікті және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.