Павлодарда депутат жүрегін елжіреткен Шырша өтті

Павлодарда депутат жүрегін елжіреткен Шырша өтті
Фото: «AMANAT» партиясы ПОФ баспасөз қызметі

Көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйға тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәслихат пен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко бүлдіршіндерді құттықтап, жаңа жылда зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, оқуда табыс тіледі. Ол әріптесі – облыстық мәслихат депутаты Гнел Акопянға алғысын білдірді.

- Біз ерекше балаларға арнап шырша ұйымдастырдық, олар да біздің балалар ғой. Жаңа жыл құтты болсын – балаларда бәрі жақсы болсын. Алдағы уақытта да осындай шараларды өткізетін боламыз, – деді Гнел Акопян.

Балалардың қуанышты жүздері депутаттың сезімін солқ еткізгені соншалық, мерекелік Шырша кезінде Гнел Акопян әр отбасына Жаңа жылға ақшалай сыйлық беруді ұйғарды.

- Шырша үшін рахмет – бұл біздің балаларымыз үшін қандай үлкен оқиға екенін елестете алмайсыз. Олар бұған көптен бері дайындалды. Ерекше балалар мұндай мерекелерге өте сезімтал. Рахмет, - деп алғысын білдірді Ислам мен Нұрислам Қожахметовтердің анасы.

Мерекеде балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, әртістер онымен бірге би билеп, ән шырқап, Аяз атамен бірге шыршаның шамдарын жақты.