Павлодарда зейнеткер автобустан құлап, ауруханаға түсті
Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 наурыз күні сағат 15.30-да Huanghai маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Н.Назарбаев даңғылында орналасқан автобус аялдамасының жанында жолаушыларды толық түсірместен, ашық есіктермен жүріп кеткен.
– Апат салдарынан автобустан шыққан 81 жастағы жолаушы жерге құлаған. Жарақат алған зейнеткер ауруханаға жеткізілді, – деді департаментте.
Болған жайтқа қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.