Павлодарда жүргізуші супермаркетке ерекше жолмен кірді

Ол ғимараттың есігін бұзды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 наурызда Toyota Mark 2 автокөлігінің жүргізушісі Циолковский көшесі, 33/6 мекенжайындағы супермаркеттің автотұрағында қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, рөлге ие бола алмай ғимаратқа соғылды.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізілуде.