Павлодарда жалған нөмірмен көлік жүргізген жас жүргізуші ұсталды
Көлік иесіне қатысты әкімшілік материалдар толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz. ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, Ак. Шөкин көшесі бойында қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 21 жастағы қала тұрғыны жалған нөмірлермен жүргені анықталды.
– Жүргізуші жол жүру ережесінің 2-тарауы 12-тармағы 5 тармақшасын бұзды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді,– делінген хабарламада.
Осы баптың санкциясы бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды және бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді. Тәртіп сақшылары нөмірлік белгілерді тартып алды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көліктерді жүргізген 25 жүргізушіні анықтады