Павлодардың екі жоғары оқу орнында бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Павлодардың екі жоғары оқу орнында бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған 40-тан астам ұйым қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының хабарлауынша, 15 қарашада Торайғыров университеті мен ИнЕУ-де бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Өңірдегі 40-тан астам ұйым қызықты және перспективті жұмыс орындарын ұсынуға дайын. Жаңа табысты мансапты бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! – делінген хабарламада. 

Бос орындар жәрмеңкесі Торайғыров университетінде сағат 11.00- 12.00, ал ИнЕУ-де сағат 15.00-16.00 аралығында өтеді. 

Қосымша сұрақтар бойынша  66-12-52, 8 (776) 815-11-98 байланыс нөмірлері арқылы  хабарласуға болады.