Павлодарда жас музыканттар өзара бақ сынасты

Павлодарда жас музыканттар өзара бақ сынасты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрші өңірлерден де қатысушылар келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Музыкалық колледжде үрлемелі және ұрмалы аспаптар орындаушыларының IV аймақтық «Silver sounds» байқауы өтті. Биыл байқауға Павлодар облысынан және көрші өңірлерден 121 орындаушы қатысты.

Конкурстың мақсаты – үрлемелі және ұрмалы аспаптарды музыкалық мәдениетте дамыту мен қолдауға, сондай-ақ жас музыканттардың шығармашылық дамуына жағдай жасау болып табылады. «Silver Sounds» байқауы аясында Brass ансамблінің концерті өтті.

Тыңдаулардың нәтижесінде жеңімпаздар марапатталып, кәсіби қазылар алқасы мен көрермендер тарапынан лайықты бағаланды. Конкурстың Гран-при иегері В.А. Шлегель шәкірті Түрегелді Жасұлан атанды. «Ансамбль» номинациясы бойынша бірінші орынға Құрманғызы атындағы БММ «Sax music» ансамблі және «Clarion» ансамблі ие болды.