Павлодарда жазғы кеш JASTAR FEST-пен жалғасады
Жастардың өнері Ertis Promenade сахнасында тоғысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
12 тамыз күні сағат 19:00-де бас сахнада JASTAR FEST жастар фестивалі өтеді.
Мерекелік кеште Павлодар облысының талантты жастары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге әсерлі шоу мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Кештің хедлайнерлері — Colorit және Bytanat.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін танытып, тұрғындарға жазғы кешті ерекше атмосферада өткізуге мүмкіндік береді.