Павлодарлық жастарға қазақстандық жаңа батырлар жайлы айтты
Патриоттық конференцияға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, өрт сөндірушілер, жас әскери қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің белсенділері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ҚХА аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Николашинаның айтуынша, бұл шара Ұлы Отан соғысы және қазіргі заман батырларының үлгісінде жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған.
– Батырлардан қалған мұрағатқа қол жеткіздік. Жерлестеріміздің ерлік істері туралы бірқатар құжаттар материалдар бар. Бұл жаңа кейіпкерлердің есімдерін ашуға мүмкіндік берді, - дейді Ольга Николашина.
Ол Абай өңірінде болған соңғы қайғылы оқиғаларда ерлік пен батылдық көрсеткен батырлардан үлгі алуға болатынын айтты.
Олар Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшыларды да еске алды. Бүгінгі таңда бұл оқиғаға қатысқан 35 мың қазақстандықтың 5 мыңы ғана қалды.
Ольга Николашина аналар кеңесі әке тәрбиесін бірінші орынға қоятынын атап өтті.
– Маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде 2 мамырда тек аналар күні ғана емес, сонымен қатар Әкелер күні тойланады. Біздің конференция осы мереке қарсаңында өтіп жатыр,- дейді Ольга Николашина.
«Жастар» Ассамблеясы облыстық өкілдігінің басшысы Рамиль Смайылов отбасы – шағын жеке мемлекет екенін айтты.
- Жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу тек қоғамдық ұйымдардың немесе білім беру органдарының ғана емес, ең алдымен бүкіл қоғамның міндеті. Патриот азамат – мемлекеттің болашағы, - жейді Рамиль Смайылов.
Жиын соңында Павлодар қаласы мен облыс аймақтарынан 92 жас суретші қатысқан «Бүкіл ғаламшарда бейбітшілік болсын» атты балалар шығармашылығы байқауының қорытындысы шығарылды.