Май ауданында оннан астам киіз үй тігілген этноауыл құрылды

Май ауданында оннан астам киіз үй тігілген этноауыл құрылды

Мерейтойға Курчатов қаласынан арнайы қонақтар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көктөбе аулының кірме жолындағы жайғасқан этноауыл 12 киіз үй тігіліп, орналастырылды. Алаңда садақ ату, қазақ күресі қошқар көтеру, асық ату, білекпен күш сынасу, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар өткізілді. Киіз үйлерде көршілес ауылдар бірігіп, дастархан жайды. Ал Саты ауылынан келген кітапханашы Ләйлә Түсіпбаева кішігірім кітап көрмесін жайластырып, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын ұсынды.

– Жанымыз қалмай, ауылымыздың тарихын көрсетейік деп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, немерелеріміз, жиендеріміз көрсін деген ниетпен кітаптар әкелдік. Соғыс және еңбек ардагерлерінің талай жылдан бері жинақтаған құнды жазбалар бар, – деді Ләйлә Түсіпбаева. – Ауданымыз тек көркейе берсін. Тыныш, бейбіт өмір болсын. Әр шаңырақта қуаныш болып, тойдан-тойға ұласуға жеткізсін.


Ұлттық киім киген ақ жаулықты әже Дина Смакова кезінде Көктөбе ауылына келін болып түскен. Ол аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс істейді.

– Өзім Екібастұз қаласының тумасымын. Барлық ауылдастарды осындай мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді Дина Смакова.


Этноауылға Май ауданының 85 жылдығын мерекелеу үшін көршілес ауыл тұрғындары жиналды. Келген қонақтар үшін ыстық тағамдар таратылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.