Павлодар және Пенза коллеждері меморандумға қол қойды
Халықаралық келісім жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Пенза тамақ өнеркәсібі және коммерция колледжі орта кәсіптік білім беру саласындағы іскерлік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Пенза тамақ өнеркәсібі және коммерция колледжінің басшысы Е.В.Арефьева шақырту жолдаған. Өндірістік оқыту шебері Ирина Григорьева мен «Кондитерлік іс» құзыреттілігінде өңірлік чемпионаттың жүлдегері Томирис Иманқұлова «Сладкий май» халықаралық кондитерлік шеберлік фестиваліне қатысқаны үшін губернатордың қолынан диплом мен Алғыс хат алды.
Фестиваль облыс губернаторы О.В.Мельниченконың қатысуымен өткен. Аталған байқауға Қазақстаннан тек Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Беларуссия елінен бір колледж ғана қатысты.
– Мұндай байқаудың дипломдары болашақ кондитердің портфолиосында үлкен жетістік болмақ. Сондай-ақ оқытушы еңбегінің бағасы және білім беру процесінің тиімділігінің көрсеткіші. Пенза колледжі 80 жыл бойы тамақ және қызмет көрсету саласы үшін жұмысшы кадрларды даярлайды, – дейді басқармада.
Іс-шара аясында ММУТУ профессоры, Мәскеу аспаздық ассоциациясының президенті Т.Н.Шарова (Мәскеу), Мәскеу аспаздық ассоциациясының тану белгісінің кавалері, бренд-шеф кондитер Л.Ю.Букина (Мәскеу) шеберлік сағаттарын өткізді.